1526 жылдың 20 сәуірінде Үндістанның әйгілі Панипат жазығында орта азиялық түркілердің 20 мың әскерін бастаған Бабыр мен үндістандықтардан құралған 150 мыңға жуық әскердің басын құраған Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің армиясы бетпе-бет келген еді. Қиян кескі ұрыстың нәтижесінде сол заманда әскери өнердің шыңына жетіп, әлемді тітіркендіріп тұрған көшпелі түркілерден құралған анығында жетісу, түркістан аралығын жайлаған қазақтың Қасым ханына тиесілі жұрттан әскери көмек алған ақсақ Темірдің шөбересі Бабыр сұлтан жеңіске жеткен екен. Айтқандай бұл соғыста тарихта ең алғаш мылтық пен зеңбіректер (Бабыр тарапынан ұста Әли-Күли құйған зеңбіректер мен мылтықтар қолданылған. Бұлда өз алдына зерттеуді қажет ететін тың тақырып секілді) қатар қолданылған деген деректер бар. Қасым хан мен Бабыр туған бөле. Оның үстіне қарсыласы болған Әбілхайырдың немересі Шайбани ханға қарсы екеуінің арасында жасырын одақ болғанға ұқсайды. Себебі осы Мұхаммед Шайбани және баласы Убайдулла сұлтан екеуі Ақсақ-темір ұрпағын қынадай қырып, Бабырдан Ферғана, Ош. Самарқан өлкесін тартып алған еді.
Әлқисса, Бабыр өзінің "Бабырнама" атты еңбегінде Үнді-Ауған жеріне шапқыншылық жасағанда үзеңгілес әрі серкітес болған бектері мен әскери қолбасшыларының денін атын атап, түсін түстеп тізіп өткен екен. Аталғандардың барлығы дерлік осы қазақ жерінен, қазақтың руларынан шыққан адамдар екенін байқаймыз. Сонымен қатар, сол заманда Ауған жерінде мекен еткен 40 мың үйлі Хұсырау бастаған қыпшақ тайпалары Гиндикуш тауында 200 адаммен қашып жүрген Бабырды (Шайбаниден жеңіліп, қашып жүрген кезі) арнайы шақыртып, өздеріне хан сайлап алғанын, Ұлы Жүздің Дулат тайпасы билеп отырған Кашмир өлкесі мен сол өлкенің басқарушысы әйгілі тарихшы, атақты бек Мұхаммед Хайдар Дулатиде Бабырды өзіне билеуші етіп мойындағанын қосып қойыңыз. Әсілі, Бабыр, Мұхамед Хайдар Дулати және қазақтың Қасым ханы туған бөлелер. Бұл жерде де арнайы келісім болғанға ұқсайды. оны енді тарихшылар айқындай жатар. сонымен Бабыр Үндістанды жеңіп падишах атанады. Айтқандай Бабыр өз еңбегінде Сығанақ қаласы мен ондағы түркілердің жаңа әліпбиі туралы да қызықты деректер келтірген. Өз кезегінде әйгілі патша және оның үрім-бұтағы Үнді жұртына жүздеген сәулет өнерін сыйлайды. Сондай сәулет өнерінің бірі Тәж-Махал. Тұрандық түркілер салған осындай сәулет өнеріне, ғимараттардың алыптығы мен әсемдігіне, қайталанбас техникалық ерекшелігіне тәнті болған үнді жұртының абыз ақсақалы Махатма Ганди өзінің "Менің өмірім" атты естелік еңбегінде Үндістан жұртына жоғарғы өркениет пен мәдениетті, монша, хауыз, кәріз жүйелері сияқты тазалықты сақтайтын тұрмысқа аса қажетті жаңылықтарды енгізген орта азиялықтарға мың алғысын жеткізген. Рахметін айтып, мұқым үндіні мың жыл билеген түркілерге деген ыстық ықыласын білдірген. Оқып, танысуға әбден тұрарлық еңбек.
#БөріліБАЙРАҚ