Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған Ғұндардың әскери мемлекетінің құрылуы Біздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға шыққанда ол оның атына қарата оқ атты, жасақтары бірге оқ атты, ол енді Түмен тәңірқұтқа қарата оқ атты, жасақтары жамырай оқ жаудырып Түмен тәңірқұтты жәйратты. Модон өз жасақтарының енді нағыз қатаң тәртіпке бағынатын қосынға айналғанын білді. Артынша Модон Түменнің бас имеген уәзірлерін, өгей шешелерімен таққа таласу ниеті бар ханзадаларды тегіс өлтірді де бар билікті өз қолына алды. Модұннің тахқа отырғанын естіген Шығыс Хулар(东胡, Дұң ху) Оның сайгүлігін сұратып елші жіберді, Уәзірлері «Қасиетті хан тұлпарын беруге болмайды» десті, Модон: «Көрші ел ғой, көрші отырып оларға бір қылқұйрықты да қимаймызба?» деді де тұлпарын бергізді. Келер жылы сол уақытта Дұңхулар тағы елші жіберіп Модұннің ханымын сұратты. Қаны қайнаған уәзірлер : « Дұңхулар әлінен асқан екен, былтырғысы аз болғандай енді ханымға ауыз салмақ екен, аттанып барып оларды талқандайық!» деді, Модон: «Көрші ел ғой, оларға бір шөп желкеніде қимасақ қайтып тату болып отырмақпыз ?»деді де ханымын беріп жіберді. Келер жылы Модон бізден қорқады деп есірген Дұңхулар тағы елші жіберіп: «Ғұн мен біздің арамыздағы мың шақырымдық бос жатқан жерге Ғұндар енді аяқ басушы болмасын, ол жерді біз аламыз деді», кей уәзірлер: «Онсызда иен жатқан жер ғой, онан бізге келер-кетер ештеңе жоқ деді», қатты ашуланған Модон: «Жер елдігіміздің негізі, оны жауға қалай береміз?» деді де, сол майданда жерді берейік дегендерді шауып өлтірді, жаудың елшісінде өлтірдіде : «Кімде –кім жорықтан қалса басы кесіледі!» деп бүкіл елге жарлық шәшті, Ғұнның біткен еркегі соғысқа аттанып Дұңхуларды қапыда басты, күйрете жеңіп ханын өлтірді, халқын тұтқындап құл қылды. Артынан Нүкүзтердің ойранын шығарып қонысын тартып алып батысқа қуып салды, Нүкүздер Іле мен Жетісуға ауып келді де ол жердегі Сақтарды талқандады, Сақтар ауғаныстан мен Индияға қарай қашты. Модұн (乌孙 )Асуандарды Нүкүздерді қуғындауға аттандырды, Лежау(лап кок) бастаған 30 мың Асуан әскерлері Нүкүздерден Жетісуды тартып алды, Осылайша Ғұндардың батыс шегарасы Жетісуға дейін келді, Шығыста Жапон теңізіне тірелді. Шығыс түркістандағы Кроуан, Ферғана, Сулы қатарлы 36 бектік Ғұндарға тізе бүкті. Батыс терістікте байқал көлі мен Саян-Алтай арасындағы Қыпшақ, Жанкүн, Сенле, Деңлең қатарлы елдер тегіс бағынды, оңтүстіктегі Қияндар да бағынды да териториясы 10 миллион шаршы километрден асатын ұлы Ғұн көшпенді- әскери империясы құрылды. Қытайды бағындыру Біздің заманымыздан бұрынғы 200 жылы Қытайдың Хань империясымен Ғұндар арасында тарихи сипат алған шешуші соғыс басталды. Бұған дейін Цинь империясы ыдырап тахқа отырғанына жеті жыл болған Лю бань 320 мың жасақпен Ғұндарға қарсы аттанады. Бұл соғыс туралы Қытай тарихшысы Сі ма циеян былай дейді: « Ғұндар Ма и қаласын қоршады деп естіген Хан гаузу(лю бань) 320 мың жасақпен Ғұндарға қарсы жорыққа өзі шықты, Модон өтірік жеңілген болып солтүстікке қарай шегіне берді, артынан өкшелей қуған Хань армиясы солтүстікке барғанда күн суытып кетті, Бай дің тауына жеткенде Модон 400 мың атты жасағымен армиямізді қат-қабат қоршап алды. Батыста кілең ақбоз аттылар, шығыста кілең қара көк аттылар, солтүстікте кілең қоңыр аттылар, оңтүстікте кілең жирен аттылар қоршап алды. Бір апта дегенде жасақтарымыздың 3/10 нің қол аяғын үсік шалды, қатты абыржыған патшамыз Ғұн қатұнына елші салып пара берді, Ғұн ханымы Модонға: "Екі патша бір-бірін бұлай қыспаққа алмас болар, Ханның жерін алғаныңызбен иелеп тұра алмайсыз, олардыңда жебеуші киесі бар, тәңірқұт ойланғайсыз!" деді. Бұған қосылған тәңірқұт қоршаудың бір шетін ашты, жасақтарымыз осы саңлау арқылы шегініп шықты. Артынан Лиу жиңді елдесуге жіберді.» делінеді. Тұжырымдама: Бұл Хан уди сынды қаһарлы патшаның кезінде жазылған, Хан уди бір өмірін Ғұндармен соғысуға арнаған адам, осы соғыстан тура 80 жыл кейін хатқа түскен. Сі ма цеян Хан удидың кәріне ұшырап еркектік мүшесі алынып тасталған болатын, бұндай жағыдайда орда тарихшысының патшаның ата-бабалары бастан кешірген қорлық тарихты мүмкіндігінше жасыруға тырысқаны байқалады. Жеңіліс анық жазылған, бірақ Ғұн жасағының саны400 мың, Хань армиасы 320 мың, яғыни санынң аздығынан, тәбиғаттың қолайсыздығынан деп жал тапқан. Бірақ кейінгі тұтас Ғұн-Хань соғыстарында Ғұндар ең көп болғанда 140 мың ғана қосынмен соғысқа шыққаны тағы айтылады. 1211-1216 жылдары терістік Қытайды талқан еткен Шыңғысқанда небары 100 мың жасақпен Жинь нің 400 мың жасағын қойша қырып тастаған болатын, сонда Шыңғысханмен деңгейлес қаған оншалықты көп әскер шығара алуы қйын. Сахарадағы көшпенділердің саныда көбінде миллион адамнан көп аса бермеген. Демек Ғұн әскері асса 200 мың әйітпесе 100 мың адам болған деуге болады. Ал Хань әскерінің саны дұрыс 320 мың, ендеше соғыс қалай болды, Сі ма цеян тек Хань армиасы қуалай берді, соңы қоршауға түсіп бір апта қамалды, соңынан қоршаудан шықты дей салған. Ал шын мәнісінде сұмдық қанды-қасап қырғын болғаны анық, Ханы армиясі қоршауда қойша қырылған, Хан уди патша Ғұн тәңірқұтына тізі бүккен. Екі жақ келісімдер жасау арқылы Хань елі Ғұндарға жылына жүз мыңдаған тонна астық, жібек, кездеме, алтын-күміс төлеп тұратын сырттай бағынышты бодан елге айналған. Хань әулеті ең әдемі қыздарын Ғұн тәңірқұттарына әйелдікке беріп отыратын болған. Соның өзінде жыл сайын Ғұн жасақтары Хань елінің шегара қалаларын үздіксіз тонап отырған, оған Хандіктер үндей алмаған. 195 жылы Модон Хан гаузу өлгеннен кейінгі жесіріне: «Сенің күйеуің, менің бәйбішем өлді, енді екеуіміз ерлі-байлы болайық, сенің елің менікі болсын!» деп қорлау мағынасында сәлем жолдайды. Ғұндарға әйел болған Жүй хуаң юе атты әйел Ғұнға келген Хандіктерге: «Ей, топырақ үйде қамалып отыратындар, Ғұнның халық саны сендердің бір аймақтарыңада жетпейді, бірақ соған қарамай айырықша қуатты болатын себебі тұрмыс тәсілі ұқсамайды, олар ет жеп қымыз ішеді, сендерде қара халық қысы-жазы қара еңбек, егін егу, құрылыс салу мен титықтайды да соғыс бола қалса соғысқа жәрамайді, ал Ғұндарда ерлікті дәріптейді, жастайынан аң қуып садақ атады, күресіп күш сынасады, сендер қалай ғана щақ келмексіңдер? Жібек кйіп шытырайғанды қойыңдар! Жыл сайын әкелетін астықтарың мен алтын-күміс, жібек, кездеме, фарфорларың саны толық әрі толымды болсын, үйітпегенде күзде егіндеріңді жасақтарымыз атпен таптап кетеді!» . Бұл дерек Ғұндардың негізгі кәсібі мал бағу емес қайта әскери тұрмыс екенін көрсетеді, сонымен бірге Хань елі Ғұндарға жыл сайын алман-салық төлейтін басбайлы бодан ел екенін көрсетеді. Айта кетерлігі Ғұнның көреген Модон тәңірқұтының бұл соғысы тек шешуші соғыс, оның алдындада талай шегара қалаларды тонау соғысын жүргізгені анық. Ол шамасы келе тұра Қытайды түпкілікті басып алмай қайта сырттай бағындыруды тиімді деп білген үйіткені, Қытайлар сан жағынан Ғұндардан 40-50 есе көп, оларды басып алса Ғұндар оларға сіңіп жоғалатынын білген. Қытайлардың көтеріліске шығуы Заманымыздан бұрынғы 128 жылы Хан уди патша Ғұндардың қорлығына ендігары төзе алмай соғысуға бекиді, оған көп уәзірлері қарсы болады, әуелі Ғұнмен соғыс деген сөзді алғаш естігенде көбі қорыққандарынан қалтырап кеткен екен. 80 жыл бейбіт өмірде Хань елінің қазынасы молаяды, мол экономикаға сүйеніп Ғұндардың тегеурінінен құтылу үшін соғыс жолын таңдайды, тек өздері ғана жеңе алмайтын болған соң батыстағы Асуандар мен Нүкүздермен одақ құрмақ болады... 128 жылы Уйцинь, Хо шүй бинь бастаған 150 мың армиа Ғұндарға қарсы соғысқа аттанады, Хан деректерінде бұны теңдессіз жеңіске балаған . 70 мыңнан аса ғұн жасағы жойылды сонымен бірге 70-80 мың жасағымыздан айырылдық дейді. Демек бұл теке-тірес, тек тауелсіздік әперген шайқас деп қарауға болады. Бұдан кейін Хандіктерді тонау мен айналысып соны күн көріс көзіне айналдырған Ғұндар экономикалық жақтан қиындыққа ұшырайды. Ғұндардың ендігі бір экономикалық көзі болған Шығыс түркістанді Ғұндардан бөліп тіпті де әлсірету үшін Асуандармен одақтасып, Ғұнмен арада Шығыс түркістанға талас шайқасы басталады.